date

Тарихтағы ең бай боксшылар: Мейвезер көшбасшы

Тарихтағы ең бай боксшылар: Мейвезер көшбасшы

Британияның Give Me Sport басылымы әлем тарихындағы ең бай боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Тізімде супер ауыр салмақта абсолют әлем чемпионы Александр Усик те бар. 24 жекпе-жекте жеңіліссіз серияға ие болған украиналық боксшының мүлкі 214 миллион долларға бағаланып, бесінші орынға жайғасты.

Анықтама бойынша, тізімде бірінші орынды америкалық Флойд Мейвезер иеленді - оның табысы 400 миллион долларға жетті. Екінші орында 300 миллион доллармен мексикалық Сауль "Канело" Альварес тұр. Осындай байлыққа ие Джордж Форман үздік үштікті түйіндеді.

Менни Пакьяо (220 миллион доллар) төртінші, Александр Усик бесінші болды. Қалған орындарда Оскар де ла Хойя (200 миллион), Тайсон Фьюри (146 миллион), Шугар Рэй Леонард (120 миллион), Леннокс Льюис (120 миллион) және блогерден боксшыға айналған Джейк Пол (100 миллион) есімдері тіркелген.

Give Me Sport нұсқасы бойынша тарихтағы ең бай боксшылардың Топ-10 тізімі төмендегідей:

1. Флойд Мейвезер - $400 млн,

2. Сауль "Канело" Альварес - $300 млн,

3. Джордж Форман - $300 млн,

4. Мэнни Пакьяо - $220 млн,

5. Александр Усик - $214 млн,

6. Оскар де ла Хойя - $200 млн,

7. Тайсон Фьюри - $146 млн,

8. Шугар Рей Леонард - $120 млн,

9. Леннокс Льюис - $120 млн,

10. Джейк Пол - $100 млн.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тарихтағы ең бай боксшылар: Мейвезер көшбасшы