date

Мбаппе «Реалға» жаңа қорғаушы таңдады


Мадридтің «Реал» клубының жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе командаға жаңа қорғаушыны таңдады. E-Noticies ақпарат порталының мәліметінше, француз футболшысы клуб басшылығынан өзінің отандасы, «Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конатені трансферлеуді сұраған.

Француз қорғаушысының трансфер бағасы 55 миллион еуроға бағалануда, бірақ «қасиеттiлер» оны тегін алулары мүмкін. Себебі Конате мен «қызылдар» арасындағы қолданыстағы келісімшарт келесі жылы жазда аяқталады.

26 жастағы қорғаушы 2021 жылдың жазында «Ливерпуль» құрамына қосылған еді. Ағымдағы Англия чемпионаты маусымында Конате 11 ойында алаңға шығып, екі сары карточка алған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе «Реалға» жаңа қорғаушы таңдады