date

Араб сапарлары Хабибті октагоннан алыстатты ма?

Араб сапарлары Хабибті октагоннан алыстатты ма?

UFC президенті Дана Уайттың айтуынша, жеңіл салмақтың бұрынғы патшасын спорттан шеттеткен негізгі факторлардың бірі - оның Таяу Шығыста тапқан орасан табысы.

Уайттың айтуынша, Хабиб мұсылман елдеріне - Сауд Арабиясы, Абу-Даби және Катарға жасаған сапарларынан соншалықты көп ақша тапқан, енді октагонға шығудың қажеті жоқ.

"Мұсылман әлем чемпионы пайда болды, бірақ ол ислам әлемін аралап, қыруар ақша тапты. Олар Хабибті ақшаға "көміп тастады." Ол соншалықты көп ақша алды, оның соғысуға деген ынтасы қалмады. Кейін әкесінің қайтыс болуы да оның бұл жолдан бас тартуға деген құлшынысын күшейтті," - дейді UFC басшысы Prince Street Pizza желісіне берген сұхбатында.

Белгілі болғандай, Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың октябрінде өткізген. 32 жаста болғанына қарамастан, көптеген сарапшылар оны спорттық формасының ең жоғары нүктесіне жеткен деп бағалады. UFC басшылығы бірнеше ай бойы оған тағы бір жекпе-жек өткізуді ұсынды, бірақ Хабиб шешімін өзгертпеді.

2021 жылдың март айында Дана Уайт ресми түрде Нурмагомедовтың мансабы аяқталғанын, осылайша оған тиесілі жеңіл салмақтағы белбеу бос қалғанын хабарлады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Араб сапарлары Хабибті октагоннан алыстатты ма?