date

Лионель Мессимен бір селфидің бағасы белгілі болды

Лионель Мессимен бір селфидің бағасы белгілі болды

Аргентина құрамасы мен "Интер Майами" клубының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси 2025 жылдың 13-15 декабрь күндері Үндістанда өтетін тур аясында әрбір кездесу үшін 107 мың долларға дейін табыс табады, деп хабарлайды Championat.com басылымы.

Бұл туралы Үндістанның NDTV Profit басылымы хабарлады.

Оңтүстік Америка шабуылшысы тур аясында үш қалаға - Калькутта, Мумбаи және Делиге барады. Сегіз мәрте "Алтын доп" иегерін көргісі келетіндер үшін адам санына қарай турпакеттер дайындалған. Мысалы, аргентиналық жұлдызбен кездескісі келетін жанкүйер 11 мың доллар төлейді, төрт адамнан тұратын отбасы үшін бұл сома 28 мың долларды құрайды, ал 10 адамнан тұратын топ үшін 107 мың долларға түседі.

Пакет бағасына Мессимен кездесу, суретке түсу мүмкіндігі, Аргентина құрамасының жейдесінің автографты көшірмесі, сондай-ақ шабуылшының көрнекі пенальтилер сериясын көру және кешкі ас кіреді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Лионель Мессимен бір селфидің бағасы белгілі болды