
Сейсенбі кешінде "Челси" Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында "Барселонаны" қабылдайды. "Зейнеткерлердің" бас бапкері Энцо Мәреска 2006 жылы УЕФА Суперкубогында "Барселона" қақпасына гол соққанын есіне алды.
"Иә, бұл маңызды сәт еді. Әрдайым айтқанмын, бұл менің өмірімдегі ең оңай гол болды.
Өйткені біз есепте 2:0 алда едік және соңғы минуттарда пенальти тағайындалды. Сол кезде пенальти соғу оңай әрі жағымды болды, бірақ қазір бәрі басқаша.
"Барселона" керемет команда, бірақ біз жеңіс үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді Мәреска баспасөз мәслихатында. 2006 жылы "Севилья" УЕФА Суперкубогында "Барселонаны" 3:0 есебімен жеңген болатын.
Энцо Мәреска 89-минутта пенальтиді дәл орындаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.