
Барселонаның шабуыл шебіндегі ойыншысы Маркус Рэшфорд мансабын Францияның ПСЖ клубында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Fichajes басылымы хабарлады.
Дереккөз мәліметіне сәйкес, Барселона Маркус Рэшфордты Манчестер Юнайтедтен 35 миллион еуроға сатып алу бойынша келісім шартын қарастырып жатыр. Бірақ ПСЖ ойыншы үшін 50 миллион еуро ұсынуды жоспарлап отыр.
Париждік команда Англия ұлттық құрамасының жұлдызының Барселонаға өтуіне кедергі жасап, оны өз құрамына қосуға ұмтылуда. Ағымдағы маусымда 28 жастағы шабуылшы барлық турнирлер аясында 17 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.
Маркус Рэшфордтың Манчестер Юнайтедпен қолданыстағы еңбек келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.