date

Слот футболшылар жағдайы жөнінде айтты


«Ливерпульдің» бас бапкері Арне Слот команда құрамындағы бірнеше футболшының денсаулығына қатысты түсініктеме берді. "Вирц ертең оңалтудың соңғы күнін өткізеді.

Егер бәрі жақсы болса, сенбі күні команданың жаттығуларына қосылады. Алиссон бүгін командамен бірге жаттығу жасады.

Сенеміз, демалыс күндері ойынға дайын болады. Экитике бүгін қалпына келу процесінен өтті.

Оның жарақаты ауыр емес деп ойлаймыз", - деді Слот баспасөз мәслихатында. Еске сала кетейік, Уго Экитике «Ливерпульдің» ПСВ-ге қарсы өткен матчында (1:4) ауыстырылған болатын.

Мерсисайдтықтардың келесі ойыны 30 қараша күні «Вест Хэмге» қарсы өтеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Слот футболшылар жағдайы жөнінде айтты