date

Папен: Леау өзгерісі қиын


Италияның "Милан" клубының бұрынғы шабуылшысы Жан-Пьер Папеннің пікірінше, клубтың жаңа бас бапкері Массимилиано Аллегри португалиялық шабуылшы Рафаэл Леаудың ойын стилін түбегейлі өзгерте алуы екіталай. Папен бұл мәселеге күмәнмен қарайды.

"Леаумен жұмыс істеу қиын, менің ойымша, ол өзгергісі келмейді. Егер өзгеруге қол жеткізсе, ол мүлде басқа деңгейдегі футболшыға айналуы мүмкін", – деді Жан-Пьер Папен pianetamilan.it басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, португалиялық шабуылшы 2019 жылдан бері "Милан" сапында доп теуіп келеді. Бұған дейін ол Франция чемпионатында "Лилль" командасының құрамында бір маусым ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Папен: Леау өзгерісі қиын