Луис Энрике Витинияның жетістігін жоғары бағалады

ПСЖ бас бапкері Луис Энрике португалдық жартылай қорғаушы Витинияның ойын деңгейін жоғары бағалады. "Витиния дамып келеді, команда да алға жылжуда.
Ол ерекше футболшы, басқаларға ұқсамайды. Оның қазіргі ойынына ризамын.
Витиния жаттығуларда көп еңбектенеді және өз мінезін көрсетеді", - деді Энрике баспасөз мәслихатында. УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчта португалдық футболшы Лондонның "Тоттенхэм" қақпасына үш гол соғып, ПСЖ-ға 5:3 есебімен жеңіс әкелді.
2025 жылғы "Алтын доп" дауыс беруінде жартылай қорғаушы үшінші орынды иеленді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз