date

"Ливерпуль" Клопты қайта шақыруы мүмкін


Ливерпуль соңғы уақытта өз жанкүйерлерін қуанта алмай жүр. Мерсисайд клубы түрлі турнирлердегі соңғы 12 ойынының 9-ында жеңіліске ұшырады.

Ағылшын баспасөзінің мәліметінше, Ливерпуль басшылығы Арне Слотқа деген сенімін әзірге сақтап отыр және оны бас бапкер лауазымынан босатуға асығар емес. Алайда мерсисайд клубының басшылығында маусым нәтижесіне қатысты алаңдаушылық бар.

The Sun басылымының хабарлауынша, егер Арне Слот отставкаға жіберілсе, Ливерпуль Юрген Клопты қайта шақыруы мүмкін. Неміс маманын маусымды құтқару мақсатында уақытша бапкер ретінде жазға дейін шақыру жоспарлануда.

Юрген Клоп 2015–2024 жылдар аралығында Ливерпульді басқарған және қазірде Red Bull клубында жұмыс істейді. Ливерпуль өзінің келесі кездесуін 30 қараша күні сырт алаңда Вест Хэмге қарсы өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Ливерпуль" Клопты қайта шақыруы мүмкін