Трамп пен Роналду Ақ үйде кездесті

Бес мәрте "Алтын доп" иегері, португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду АҚШ-тың Ақ үйіне қонаққа барды. Бұл туралы ESPN хабарлады.
40 жастағы футболшы, қазіргі кезде Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының мүшесі, АҚШ президенті Дональд Трамппен кешкі ас барысында кездесті және оның 19 жастағы ұлы Баррон Трамппен танысты. "Криштиану мен Баррон танысты.
Менің ойымша, енді ұлым мені одан да қатты құрметтейтін сияқты, себебі оны Роналдумен таныстырдым", – деді АҚШ президенті. Еске сала кетсек, Криштиану 2023 жылғы қаңтарда Сауд Арабиясы чемпионатына ауысқан болатын.
Португалиялық футболшы мен "Әл-Наср" арасындағы қолданыстағы келісімшарт 2027 жылдың маусым айының соңында аяқталады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз