date

Карим Бензема: Сауд Арабиясында бақыттымын

Карим Бензема: Саудияда бақыттымын
Франциялық шабуылшы Карим Бензема Сауд Арабиясында өзін бақытты сезініп, әзірге елді де, өзінің ойнап жүрген "Аль-Иттихад" клубын да тастап кетуді жоспарлап отырған жоқ. Оның айтуынша, Сауд Арабиясында көрсетілген құрмет пен көңілден ләззат алуда.

"Қазіргі уақытта бұл жерде өзімді бақытты сезінудемін. Менің айналамдағы футболшылар, жанкүйерлер және жаттықтырушылар тарапынан өте үлкен құрмет пен назар көріп отырмын.

Иә, менің келісімшартым аяқталуға жақын, желтоқсанда 38 жасқа толамын. Алайда әлі бір-екі жыл бойы футбол ойнауға күшім жетеді", - деді Бензема derbyderbyderby.it басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Бензема бұған дейін Францияның "Олимпик Лион" және Мадридтің "Реал" клубтарында өнер көрсеткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Карим Бензема: Сауд Арабиясында бақыттымын