date

Шевченко: "Маньян барлық жағынан мықты"


Италияның "Милан" клубының бұрынғы шабуылшысы Андрей Шевченко команда қақпашысы, француз Майк Менянның ойынын жоғары бағалады. Ол Менянның аяқпен нақты және сенімді ойынын ерекше атап өтті.

"Ол барлық жағынан мықты. Маған оның "Милан" және Франция құрамасындағы ойыны өте ұнайды.

Әсіресе, аяқпен ойыны таңғажайып", - деді бұрынғы шабуылшы pianetamilan.it басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, Майк Менян 2021 жылы Францияның "Лилль" клубынан "Миланға" ауысқан.

Ол "россонери" сапында алғашқы маусымында-ақ Италия чемпионы атанды. Қазіргі уақытта "Милан" А Серия турнир кестесінде көш бастап тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Шевченко: "Маньян барлық жағынан мықты"