date

Шевченко: Аллегри керемет орта қалыптастырды

Шевченко: Аллегри керемет орта қалыптастырды
Италияның "Милан" клубының бұрынғы шабуылшысы Андрей Шевченко команданың келесі жетістігі туралы пікір білдірді. Сенбі күні "Милан" "Лационы" жеңіліске ұшыратып, А сериясы турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Шевченко бұл жетістіктерді команданың жаңа бапкері Массимилиано Аллегриге байланыстырды. "Тағы бір тамаша жеңіс.

Россонерилар осындай ойындарда өзінің ынтасын көрсетуде, әсіресе, екінші таймдағы ойындарымен ерекшеленіп отыр. Аллегри керемет орта қалыптастырды, ол команда ішіндегі тәртіпті өте жақсы басқаруда", – деді Шевченко pianetamilan.it басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Андрей Шевченко 1999 жылдан 2006 жылға дейін "Милан" сапында өнер көрсеткен.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Шевченко: Аллегри керемет орта қалыптастырды