
“Ювентус” командасының шабуылшысы Душан Влахович келесі ойындарда командасына көмектесе алмайды. Сербиялық футболшы жақында “Кальяриге” қарсы ойында жарақат алып, осы себепті бірінші таймда-ақ ойын алаңынан шығып кеткен болатын.
La Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, 25 жастағы футболшы 2025 жылдың соңына дейін сапқа қайта алмайды. Ол шамамен екі ай бойы ойнамайды, ал алаңға қайта оралуы келесі жылдың басына жоспарланған.
Душан Влахович осы маусымда “Ювентус” құрамында болған 17 матчта 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты келесі жазда аяқталады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.