date

Бремерді АПЛ-дің үш клубы бақылауда ұстап отыр


Туриннің "Ювентус" клубының қорғаушысы Глейсон Бремер Англияда мансабын жалғастыруы мүмкін деп болжануда. Transfer News Live хабарлауынша, 28 жастағы футболшы "Тоттенхэм" үшін басты трансферлік мақсаттардың бірі болып саналады, себебі клуб қорғаныс шебін күшейтуді көздеп отыр.

Сонымен қатар, "Тоттенхэм" Бремер үшін "Манчестер Юнайтед" және "Челси" клубтарымен бәсекелесуі мүмкін. Футболшының трансферлік құны шамамен 60 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, қазан айында Бремер тізесіне хирургиялық операция жасатқан болатын. Бразилиялық футболшының алаңға қайта оралу мерзімі желтоқсан айына белгіленген.

Қазіргі кезде "Ювентус" Италия чемпионатының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бремерді АПЛ-дің үш клубы бақылауда ұстап отыр