date

Милан Фофанасыз қалды


"Милан" командасының ойыншысы Кристиан Пулисич жарақатынан жазылып, жаттығуларға қайта оралды. Бірақ, қазіргі уақытта француз жартылай қорғаушысы Юссуф Фофана жарақат алып, Италия Кубогы аясындағы "Лациоға" қарсы матчтан тыс қалады.

Сонымен қатар, Фофана, мүмкін, 8 желтоқсан күні "Ториноға" қарсы А сериясының матчында да алаңға шыға алмайды. Клуб дәрігерлерінің болжамы бойынша, ол тек "Сассуолоға" қарсы ойынға толықтай қалпына келуі мүмкін.

Еске сала кетсек, "Милан" Италия чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап келеді. Фофана 2024 жылдан бері "Миланның" намысын қорғауда.

Бұған дейін ол төрт жыл бойы "Монако" құрамында ойнаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Милан Фофанасыз қалды