date

Савичевич: Леау өте маңызды футболшы


Милан клубының бұрынғы черногориялық футболшысы Деян Савичевич португалиялық шабуылшы Рафаэл Леауға жоғары баға берді. Оның айтуынша, Леау Милан сапында әйгілі оныншы нөмірді киюге лайық.

"Бұл өте маңызды, ол чемпионатта жеңіске жеткеннен кейін, бұл нөмірді шынымен де лайықты иемденді. Бірақ мен оны орталық шабуылшыдан гөрі қапталдағы ойыншы ретінде көремін.

Алайда Аллегри тәжірибелер жасап жатыр және қазіргі таңда бұл сәтті жүзеге асуда", — деді Савичевич pianetamilan.it басылымына сұхбатында. Айта кетейік, "Данышпан" лақап атымен танылған Деян Савичевич 1992 жылдан 1998 жылға дейін Италия клубы сапында ойнаған.

Ал Рафаэл Леау 2019 жылы "Лилль" клубынан Милан командасына ауысқан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Савичевич: Леау өте маңызды футболшы