date

Свищев: Трамп футболға қатысы жоқ


Мемлекеттік Дума депутаты Дмитрий Свищев FIFA-ның АҚШ президенті Дональд Трампқа арнайы бейбітшілік сыйлығын табыстағаны жайлы пікір білдірді. Аталған шешім Свищевті таң қалдырған.

"Бұл жаңалықты таңданыспен оқыдым. Бұл өте қызық шешім.

Әсіресе, Трамптың футболға ешқандай қатысы жоқ. Егер гольф федерациясы оған қандай да бір марапат бергенінде, түсінікті болар еді, өйткені ол гольфты жақсы көреді", - деді депутат "Советский спорт" басылымына берген түсініктемесінде.

Сонымен қатар, Свищев бұл марапат қандай да бір келісімдердің бір бөлігі болып, түптеп келгенде, футболдың пайдасына жұмыс істеуі мүмкін деген болжам жасады. Белгілі болғандай, 48 ұлттық құрама қатысатын 2026 жылғы Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде 11 маусымнан 19 шілдеге дейін өтеді.

Турнир барысында командалар 12 топқа бөлінеді, әр топта 4 командадан болады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Свищев: Трамп футболға қатысы жоқ