Лаутаро Мартинеске қызығушылық білдірген 30 клуб


Италия А сериясының 14-турында "Интер" командасы "Комо" клубын жеңіп, қарсыласының қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Матчтың 11-минутында миландықтардың капитаны Лаутаро Мартинес есеп ашты.
Бұл гол Лаутаро үшін "Интер" сапындағы жалпы 164-тобы болып табылады. Сонымен қатар, "Комо" аргентиналық шабуылшының А сериясында гол соққан 30-клубы атанды.
Еске сала кетейік, Лаутаро Мартинес 2018 жылдан бері "Интер" құрамында ойнап келеді. Команданың келесі ойыны 14 желтоқсан, жексенбі күні "Дженоа"-ға қарсы өтеді.



















Пікірлер 0
…