date

Фиорентина ойыншылары қауіпте


Италияның "Фиорентина" клубы үшін биылғы маусым сәтсіз өтуде. Команда әзірге Италия чемпионатында бірде-бір жеңіске жете алмады және қазіргі 6 ұпайы тек алты тең ойын нәтижесінен жинақталған.

Derbyderbyderby.it ақпараты бойынша, енді "Фиорентина" футболшылары өз өмірлеріне қауіпті хабарламалар ала бастаған. Атап айтқанда, мұндай хабарламалар клуб қорғаушысы Додоның жұбайының әлеуметтік желідегі парақшаларына жіберілген.

Қорғаушы бұл қауіптердің скриншоттарын да жариялаған. Еске сала кетейік, "Фиорентина" қазіргі уақытта Италия чемпионаты турнир кестесінің ең соңғы сатысында орналасқан.

Келесі турда олар турнир кестесінің төменгі жағында тұрған "Верона" командасымен матч өткізеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Фиорентина ойыншылары қауіпте