date

Марио Балотелли А сериядан ұсыныс күтуде

Mario Balotelli A Сериядан ұсыныс күтуде
Италияндық футбол жұлдызы Марио Балотелли өзінің қазіргі қызметі туралы айтты. Оның мәлімдеуінше, ол әлі күнге дейін Серия A клубынан ұсыныс күтуде.

"Мен Брешия қаласындағы жергілікті командамен жаттығу жасап жүрмін. Серия A-дан ұсыныс күтуді жалғастырудамын.

Қазіргі уақытта ондай ұсыныс болған жоқ. Футболдан кету ниетім жоқ, ондай сезім әлі пайда болмаған.

Қазiр футболды сирек көремін, бірақ маған, бұрыңғыға қарағанда, футбол физикалық тұрғыдан күшейіп, техникалық жағынан әлсірегендей көрінеді," – деді Балотелли "Pianetamilan.it" басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетсек, Марио Балотелли бұған дейін "Интер", "Милан", "Ливерпуль" және "Манчестер Сити" командаларында ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Марио Балотелли А сериядан ұсыныс күтуде