
Баспасөзде Карим Бензема «Аль-Иттихад» клубымен келісімшартын ұзартты деген хабар тарады. Алайда, Foot Mercato басылымының мәліметіне сәйкес, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Дереккөздің хабарлауынша, Бензема Жидда клубымен келісімшартын ұзартпаған. Сонымен қатар, 37 жастағы футболшы әзірге клубтан ресми түрде келісімшартты ұзарту туралы ұсыныс алмаған.
Карим Бенземаның еркін агент мәртебесін алуы «Лион» жанкүйерлерін жұлдызды футболшының өз бұрынғы клубына қайта оралуы мүмкін деген үмітке салуда. Еске сала кетейік, 2022 жылы Бензема «Алтын доп» сыйлығын жеңіп алған еді.
Франциялық шабуылшы «Аль-Иттихад» команда сапында 74 матчта алаңға шығып, 49 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.