Бряда: Майк Меньян «Милан» үшін маңызды ойыншы

«Милан» клубының бұрынғы функционері Арьедо Брайда француз қақпашысы Майк Меньянды клуб үшін сақтау өте маңызды екенін айтты. "Меньян өте харизматикалық және алаңда керемет ойын көрсетіп келеді.
Ол әрқашан допқа жақын жүреді. Егер сізге жүлделер қажет болса, Меньян сияқты қақпашы қажет.
Үлкен мақсаттары бар клубтар мұндай ойыншыларды кез келген жағдайда сақтау керек, марқұм Сильвио Берлускони де солай деген", – деді Брайда Tuttosport басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетсек, Майк Меньян 2021 жылдан бері «Милан» намысын қорғап келеді.
Ол 2022 жылы клубпен бірге Италия чемпионы атанған. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз