date

Арьедо Брайда Пулишичті Шевченкомен салыстырды


"Милан" футбол клубының бұрынғы спорт директоры Арьедо Брайда америкалық шабуылшы Кристиан Пулишичті аңызға айналған Андрей Шевченкомен салыстырды. Қазіргі таңда хорват тегі бар Пулишич өз клубының "Торино" командасын жеңген матчта екі гол соғып, шешуші рөл атқарды.

"Ғажайып футболшы. Ол туралы көп айтылмайды, бірақ ол бүкіл чемпионаттың ең үздік ойыншыларының бірі.

Физикалық тұрғыда мықты болып көрінбесе де, техникалық мүмкіншіліктерін тиімді пайдаланады. Қақпа алдында суыққандылығы маған Шевченконы еске салады", - деді Брайда "pianetamilan.it" басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Андрей Шевченко "Милан" сапында 1999 жылдан 2006 жылға дейін өнер көрсеткен.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Арьедо Брайда Пулишичті Шевченкомен салыстырды