Карим Бензема Сауд Арабиясы клубынан кетуі мүмкін

Франциялық жұлдыз шабуылшы Карим Бензема Сауд Арабиясының "Аль-Иттихад" клубынан келесі жылдың жазында кетуі мүмкін. Бұл туралы инсайдер Николло Скира өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
37 жастағы футболшының қолданыстағы келісімшарты 2026 жылдың маусым айында аяқталады, алайда ол еркін агент мәртебесінде клубтан кетуге дайын екендігі айтылуда. Transfermarkt порталының мәліметінше, Карим Бенземаның қазіргі нарықтық бағасы 7 миллион еуроны құрайды.
2025/2026 маусымында франциялық орталық шабуылшы 6 матчта алаңға шығып, 4 гол соғуға қол жеткізген. “Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз