date

Лука Модричтің бала кезгі арманы орындалды


40 жастағы "Милан" жартылай қорғаушысы Лука Модрич бала кезінде "россонерилердің" жанкүйері болғанын айтты. "Милан" сапында ойнағаныма қуаныштымын.

Бұл үлкен италиялық клуб. Әр кез команда жейдесін киіп алаңға шыққанда ерекше ләззат сезінемін.

Мен бала кезімнен "россонерилерге" жанкүйер болдым және олардың құрамында ойнауды армандадым. Арманым орындалды", – деді Хорватия ұлттық құрамасының футболшысы "Gazzetta dello Sport" басылымына берген сұхбатында.

Модрич "Милан" сапына 2025 жылдың жазында қосылған. Жартылай қорғаушы клубпен бір жылдық келісімшартқа қол қойған.

Хорватиялық футболшының трансфер құны 4 миллион еуроға бағалануда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Лука Модричтің бала кезгі арманы орындалды