АПЛ-да маусымның ең жылдам голы жаңартылды

АПЛ-да маусымның ең жылдам голы жаңартылды
Ағылшын Премьер-лигасында маусымның ең жылдам голына байланысты рекордтар бірінен кейін бірі жаңартылуда. Қараша айының соңында «Манчестер Сити» клубының шабуылдағы жартылай қорғаушысы Фил Фоден «Лидс» қақпасына 59-секундта гол соғып, сол кезде маусымдағы ең жылдам голдың авторы атанған еді.

Алайда, арадан көп өтпей, дәл сол күні «Ньюкасл» ойыншысы Малик Тиав «Эвертонға» қарсы матчтың 52-секундында гол соғып, нәтижені жаңартты. 13 желтоқсан сенбі күні келесі рекорд тіркелді: «Ливерпуль» шабуылшысы Уго Экитике «Брайтон» қақпасына 46-секундта дәл соққы жасады.

Бірақ рекорд ұзақ сақталмады: келесі күні «Вест Хэм» ойыншысы Матеуш Фернандеш «Астон Виллаға» қарсы кездесудің 29-секундында гол соғып, маусымдағы ең жылдам гол бойынша жаңа биіктікті белгілеп берді. Әр жолы бұл нәтижені жаңарту барған сайын қиынға соғуда.

Пікірлер 0

Байланысты жаңалықтар