date

Flik Кунені 30 миллион еуроға сатуы мүмкін


Футбол әлеміндегі трансфер жайлы қауесет арасында күтпеген жаңалықтар да кездесіп тұрады. Жақында Чемпиондар лигасында «Айнтрахтқа» қарсы ойында дубль тіркеген Жюль Кундеге қатысты Transfer News Live басылымы El Nacional дереккөзіне сүйеніп, «Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик француз қорғаушысына деген сенімінен айырылып жатқаны туралы жазды.

Хабарламада көрсетілгендей, германиялық маман Кундені 30 миллион еуродан жоғары ұсыныс түскен жағдайда клубтан кетуіне қарсы болмайтын көрінеді. Алайда бұл мәлімет шындықтан гөрі 1 сәуір әзіліндей әсер қалдырады.

Себебі Transfermarkt 27 жастағы Кундені әлдеқайда қымбат, 65 миллион еуроға бағалаған. Сонымен қатар, жаңалықта «Барселона» Кунде орнына «Кристал Пэлас» футболшысы Даниэль Муньоспен толықтыруы мүмкін екені айтылған.

Колумбиялық футболшы үш орталық қорғаушы жүйесінде оң қаптал бойымен толықтай ойнай алатындығымен, яғни қорғаныс пен шабуылда бірдей белсенділігімен ерекшеленеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Flik Кунені 30 миллион еуроға сатуы мүмкін