date

Холланд «Манчестер Сити» сапында Роналдудан көп гол соқты


Өткен демалыс күндері Эрлинг Холанд тағы да өз шеберлігін көрсетті. Норвегиялық шабуылшы «Кристал Пэлас» қақпасына екі гол соғып, «Манчестер Сити» 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл нәтиже Холанд үшін символдық маңызға ие болды. Ол «Манчестер Сити» құрамында өткізген мансабы барысында барлық жарыстар аясында 146-шы голын соқты.

Осылайша, Холанд «Манчестер Юнайтед» сапында ойнаған Криштиану Роналдудың 145 голдық көрсеткішінен асып түсті. Айта кетерлігі, Холанд бұл межеге небәрі 168 матчта жетті.

Ал Роналду «Манчестер Юнайтед» құрамында 145 голды 346 ойын барысында соққан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Холланд «Манчестер Сити» сапында Роналдудан көп гол соқты