date

Аморим сынға жауап берді: Манчестер Юнайтед жеткіліксіз


«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим клубтың аңыздары тарапынан айтылған сынға пікір білдірді. Маман BBC арнасына берген сұхбатында команданың қазіргі нәтижелерін жеткіліксіз деп санайтынын айтты: «Менің ойымша, біз жеткілікті деңгейде жақсы емеспіз.

Бізге, әсіресе осы маусымда, көбірек ұпай жинау керек. Мен үшін сын айту қалыпты жағдай.

Алайда кейде сыншыларда барлық қажетті ақпарат болмайды және олар клубты өздері ойнаған, үнемі жеңіс тұғырында болған кезеңмен салыстырады. Клубты осындай жағдайға жеткенін көріп, оларға қиын.

Мен де бапкер ретінде жеткілікті деңгейде жақсы емеспін, бұл да факт. Олар үшін басты мәселе «Манчестер Юнайтедтің» жеңіске жетпей жатқаны және болуға тиіс орнында болмауы».

Еске сала кетейік, АПЛ-дің ағымдағы маусымында «Манчестер Юнайтед» 25 ұпаймен 8-орында тұр, бірақ команданың бір ойыны резервте. Дүйсенбі күні кешке «қызыл жындар» өз алаңында 15-орындағы «Борнмутты» қабылдайды.

Егер жеңіс тіркелсе, манкуниандықтардың ұпайы 28-ге жетеді және 4-орындағы «Челсиге» теңеседі.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Аморим сынға жауап берді: Манчестер Юнайтед жеткіліксіз