date

Аморимнің болашағы белгісіз: МЮ бапкерсіз қалуы мүмкін


Ағылшын Премьер-лигасының 16-турында "Манчестер Юнайтед" өз алаңында "Борнмут" командасын жеңе алмады. "Олд Траффордта" өткен кездесу 4:4 есебімен тең аяқталды.

Әлеуметтік желілердегі Indykaila News аккаунтының мәліметінше, осы ұпай жоғалтудан кейін команданың бас бапкері Рубен Аморим қызметінен кетуге жақын тұр. 16 турдың қорытындысы бойынша "қызыл шайтан" 26 ұпай жинап, турнир кестесінде 6-орынды иеленіп тұр.

Рубен Аморим "Манчестер Юнайтедті" 2024 жылғы қараша айында қабылдап алған болатын. Португалиялық маманмен жасалған келісімшарт 2027 жылдың ортасына дейін жоспарланған.

Сонымен қатар, 4:4 нәтижесі тіркелген ойыннан кейін "Борнмут" клубында да қолайсыз жаңалық жарияланғаны айтылуда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Аморимнің болашағы белгісіз: МЮ бапкерсіз қалуы мүмкін