date

Пау Кубарси 18 жасында «Барселона» үшін 100-ші ойынын өткізді


«Барселона» орталық қорғаушысы Пау Кубарси команда қатарындағы 100-ші ойынын өткізді. Жас испаниялық Испания кубогы аясында «Депортиво Гвадалахараға» қарсы кездесуде үзілістен кейін алаңға шығып, Марк Берналдың орнын басты.

Айта кетерлік жайт, Кубарси «көк-анарлы» жейдесімен 100 ойындық межеге 18 жасында жетті. Ол келесі айда 19 жасқа толады.

Кубарсидің «Барселонадағы» дебюті 2024 жылғы қаңтарда Хави Эрнандес жетекшілігінде өткен. Сол кездесу де Испания кубогы аясында ойналып, қарсылас «Унионистас» командасы болатын.

Қорғаушы «Барселона» сапында осы уақытқа дейін 1 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Пау Кубарси 18 жасында «Барселона» үшін 100-ші ойынын өткізді