date

Рафаэль Леау «Наполиға» қарсы матчқа қатыспайды


«Милан» командасының португалиялық шабуылшысы Рафаэл Леау өз командасының келесі кездесуіне қатыса алмайды. Ол Италия Суперкубогы аясында «Наполиге» қарсы өтетін ойынды жіберіп алады.

Леау команданың жаттығуына қатыспады және қазіргі уақытта жеке бағдарлама бойынша дайындалуда. Бұл жағдай оның ойынға толық дайын емес екенін білдіреді.

Еске сала кетейік, «Милан» — «Наполи» кездесуі бейсенбі күні кешке өтеді. Аталған қарсыласу Италия Суперкубогының жартылай финалы болып саналады.

Рафаэл Леау 2019 жылдан бері «Милан» сапында ойнап келеді және 2022 жылы клубпен бірге Италия чемпионы атанған. «Миланға» дейін ол Португалияның «Спортинг» және Францияның «Лилль» клубтарының намысын қорғаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Рафаэль Леау «Наполиға» қарсы матчқа қатыспайды