date

Роберто Фирмино Уго Экитикені өзіне теңеді

Роберто Фирмино Уго Экитикені өзіне ұқсатты
“Ливерпуль” клубының бұрынғы шабуылшысы Роберто Фирмино, қазіргі таңда Катар чемпионатында “Аль-Садд” сапында ойнап жүрген футболшы Уго Экитике туралы ойымен бөлісті. Жазда “қызылдар” француз шабуылшысын Франкфурттың “Айнтрахт” клубынан 95 миллион еуроға сатып алған болатын.

“Экитике маған өте ұнайды, ол доппен тамаша жұмыс істейді. Ол кейбір қырларымен “Ливерпульге” енді қосылған кезімдегі менімен ұқсайды”, – деді 34 жастағы бразилиялық футболшы TNT Sports басылымына берген сұхбатында.

Фирмино 2015–2023 жылдары мерсисайдтықтар намысын қорғаған. Арне Слот басқаратын команда сапында Экитике барлық жарыстарда 23 ойын өткізіп, 10 гол соқты және 1 нәтижелі пас шығарды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Роберто Фирмино Уго Экитикені өзіне теңеді