date

Бастони «Барселона» туралы қауесеттерге пікір білдірді


БАҚ-та «Барселона» «Интер» қорғаушысы Алессандро Бастониге қызығушылық танытып жатқаны туралы ақпараттар тарады. Ал футболшы бұл туралы пікір білдірді.

«Бұл мені қуантады, себебі бәрін дұрыс жасап жатқаныма дәлел. Мен де сіздер оқыған ақпараттарды оқимын.

Белгілі нақты ештеңе жоқ. Мен «Интерде» бақыттымын және менде ешқандай мәселе жоқ.

Футбол алаңынан тыс нәрселер туралы ойламаймын. «Интерде» қаламын ба?

Мүмкін, иә», — деді Бастони. Оның сөздерін Yahoo!

Sports Sport Mediaset дереккөзіне сілтеме жасай отырып келтірді. 26 жастағы Алессандро Бастонидің Transfermarkt порталындағы бағасы 80 миллион еуроны құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бастони «Барселона» туралы қауесеттерге пікір білдірді