date

Бруну Фернандеш МЮ-де қалуына не себеп болғанын айтты


Португалиялық жартылай қорғаушы Бруну Фернандеш «Манчестер Юнайтед» басшылығының оны клубта қалай қалуға көндіргенін айтты. Бұған дейін футболшы клубтан екі мәрте кетуі мүмкін болғанын, бірақ мұндай шешімге келмегенін мойындаған еді.

«Егер клуб біздің мақсатымыз әлі де ең жоғарғы жетістіктерге қол жеткізу екенін айтпағанда, мен «Манчестер Юнайтедте» қалмас едім», — деп Фернандештің сөзін инсайдер Фабрицио Романо келтіреді. Фернандештің айтуынша, «Манчестер Юнайтед» Англия және Еуропа алаңдарында өз беделі мен абыройын қалпына келтіріп, қайтадан жүлделер үшін күресуге ниетті.

АПЛ-дың 16-туры қорытындысы бойынша манкундықтар 26 ұпаймен турнир кестесінде 6-орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Бруну Фернандеш МЮ-де қалуына не себеп болғанын айтты