date

Донарумма Гвардиоламен жұмыс істеуді үлкен бақыт деп атады

Доннарумма Гвардиоламен жұмыс істеуін үлкен бақыт деп есептеді

«Манчестер Сити» қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма бас бапкер Хосеп Гвардиоламен қарым-қатынасы жайлы пікір білдірді. Итальяндық қақпашы испандық маманға тағы да алғысын айтып, оның бапкерлік шеберлігін ерекше атап өтті.

«Мен Пепті өте қатты құрметтеймін. Біздің қарым-қатынасымыз керемет: ол әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға және сабырлы болуға көмектеседі. Әр адам дәл осындай бапкермен бірге жұмыс істегісі келеді. Оның командасына қосылғаныма өте бақыттымын.

Үміттенемін, бұл жерде тағы да көп жыл бірге жұмыс істеп, клуб тарихын қайта жазуға үлес қосамыз. Мен үшін бұл өте ерекше», — деп Доннарумманың сөзін Sport Witness келтірген.

Джанлуиджи Доннарумма қыркүйек айында Францияның «ПСЖ» клубынан «Манчестер Сити» құрамына қосылған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Донарумма Гвардиоламен жұмыс істеуді үлкен бақыт деп атады