date

"Бұл нағыз қорқынышты жағдай болды": Флоренци Роналду мен Мессиден ауыр қарсыласын атады

"Бұл нағыз қорқынышты жағдай еді": Флоренци Роналду мен Мессиден де қиын қарсыласын атады
Италия құрамасының және "Милан" мен "Рома" клубтарының бұрынғы қорғаушысы Алессандро Флоренци өз мансабында ең қиын қарсыласын атап өтті. 34 жастағы бұрынғы футболшы Иван Перишичке қарсы ойнау Роналду мен Мессиға қарсы кездесулерден де күрделі болғанын айтты.

"Мен Роналду мен Мессиға қарсы ойнадым – олар үлкен құрметке лайық. Бірақ ең қиын ойын басқа футболшыға қарсы болды – мен Перишич жайлы айтып отырмын.

Ол оңға да, солға да еш қиындықсыз өтетін – ол үшін айырмашылығы болмады. Және ол ешқашан тоқтамайтын.

Бұл нағыз қорқынышты жағдай еді", – дейді Флоренци италияндық БАҚ-қа берген сұхбатында. Флоренци осы жылы жазда мансабын аяқтаған.

Иван Перишич Италияда "Интер" сапында ойнаған. Қазіргі уақытта 36 жастағы хорватиялық футболшы Нидерландының ПСВ клубында өнер көрсетуде.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Бұл нағыз қорқынышты жағдай болды": Флоренци Роналду мен Мессиден ауыр қарсыласын атады