Каррагер: «Ливерпульге» топ-4 үшін тағы екі ойыншы керек

Каррагер: «Ливерпульге» топ-4 үшін тағы екі ойыншы керек
Англия құрамасы мен «Ливерпульдің» бұрынғы қорғаушысы Джейми Каррагер мерсисайдтықтар АПЛ-де топ-4-ке кіру үшін қаңтардағы трансфер терезесінде құрамды күшейтуі қажет деп есептейді. The Telegraph сарапшының сөзін келтіреді: «Егер “Ливерпуль” тағы бір шабуылшы мен орталық қорғаушы алмаса, командаға маусымды АПЛ-дің үздік төрттігінде аяқтау қиын болады».

Премьер-лиганың 17 турында Арне Слоттың шәкірттері 29 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында келеді. «Ливерпуль» чемпионаттағы келесі ойынын «Энфилдте» «Вулверхэмптонға» қарсы өткізеді.

Кездесу сенбі күні, 27 желтоқсанда өтеді.

Пікірлер 0

Байланысты жаңалықтар