date

Мареска Палмерді неге алмастырғанын түсіндірді

Мареска Палмерді неге алмастырғанын түсіндірді

«Челси» өз алаңында «Астон Вилладан» 1:2 есебімен жеңілді. Ойынды негізгі құрамда бастаған 23 жастағы Коул Палмер 72-минутта алаңнан шығып, оның орнына Эстевао шықты. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Ойыннан кейін бас бапкер Энцо Мареска бұл шешімнің себебін түсіндірді: «Палмердің денсаулығында мәселе жоқ, ол жай ғана шаршады. Бүгін ол өте көп еңбек етті. Жалпы, меніңше, ол жақсы ойын көрсетті», — деді италиялық маман.

Лондондықтардың жалғыз голын 37-минутта Жоао Педро соқты. Қонақтар сапында Олли Уоткинс дубль жасап, 63 және 84-минуттарда Роберт Санчестің қақпасын дәл көздеді.

18 турдан кейін «Челси» АПЛ турнир кестесінде 29 ұпаймен бесінші орында келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мареска Палмерді неге алмастырғанын түсіндірді