date

Гвардиола Семеньо трансфері туралы айтуға құлық танытпады

Гвардиола Семеньо трансфері туралы айтуға құлық танытпады

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола «Борнмут» вингері Антуан Семеньоға қатысты ықтимал трансфер туралы сұраққа нақты жауап бермеді. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарлайды.

Апта басында тараған мәліметтерге қарағанда, «қалалықтар» «шие» клубының жұлдызын көндіріп, келісім жақын арада аяқталады деп күтілуде. Алайда сенбі күні «Сити»нің «Ноттингем Форестке» қарсы ойынынан кейін журналистер мәміле туралы сұрағанда, испаниялық маман тақырыпты жапты.

«Семеньо? Келесі сұрақ, өтінемін», — деді Гвардиола.

Ойында «Манчестер Сити» 2:1 есебімен жеңді: голдарды Тиджани Рейндерс пен Раян Шерки соқты. 18 турдан кейін команда АПЛ кестесінде екінші орында, «Арсеналдан» екі ұпайға қалып келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола Семеньо трансфері туралы айтуға құлық танытпады