date

Калверт-Льюин АПЛ-де Кейн жете алмаған серияны тіркеді

Калверт-Льюин АПЛ-де Кейн жете алмаған серияны тіркеді

«Лидс» шабуылшысы Доминик Калверт-Льюин Англия Премьер-лигасындағы гол соғу сериясын тағы бір ойынға ұзартты. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Жексенбі күні 28 жастағы форвард «Сандерленд» қақпасына гол соғып, командасына 1:1 есебімен тең нәтижені сыйлады. Осылайша «тауыс құстарының» шабуылшысы АПЛ-де қатарынан алтыншы матчта да гол соқты — Opta дерегінше, бұл көрсеткішке Англия құрамасының капитаны әрі чемпионат тарихындағы екінші үздік сұрмерген Гарри Кейн ешқашан жете алмаған. «Тоттенхэмнің» бұрынғы жұлдызының ең ұзақ гол сериясы бес ойын болған және ол мұны екі рет қайталаған.

Ағымдағы АПЛ маусымында Калверт-Льюин 8 голмен сұрмергендер тізімінде төртінші орында келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Калверт-Льюин АПЛ-де Кейн жете алмаған серияны тіркеді