Капелло: «Миланға» қорғаныста сенім беретін қорғаушы керек

«Миланның» бұрынғы бас бапкері әрі Ресей құрамасымен жұмыс істеген Фабио Капелло клубтың қазіргі құрамында бір нәрсе жетіспейтінін айтты. Маманның пікірінше, «россонериге» қорғаныста тұрақтылық қосатын тәжірибелі қорғаушы қажет. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.
Капеллоның айтуынша, қазір қақпашы Майк Меньян қорғаныстағы қателіктерді жиі «тазалауға» мәжбүр. Сонымен қатар ол мықты қорғаушылардың қазір көбіне Сауд Арабиясы немесе Англия клубтарын таңдайтынын атап өтті, деп жазады pianetamilan.it.
Еске салайық, кеше А Сериясының 17-туры аясында «Милан» өз алаңында «Веронаны» 3:0 есебімен ірі жеңді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз