date

Криштиану Роналду Globe Soccer рәсімінде жаңа жүлде жеңіп алды

Криштиану Роналду Globe Soccer рәсімінде жаңа жүлде жеңіп алды

«Әл-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Globe Soccer Awards марапаттау рәсімінде назардан тыс қалмады. Ол «Таяу Шығыстың үздік футболшысы» номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Роналду жуырда 2025 жылы соққан голдарының санын 40-қа жеткізді. Португалиялық жұлдыз футбол тарихындағы ең нәтижелі сұрмерген болып қала беруде — оның еншісінде 956 гол бар. Ол мансабындағы 1000 гол межесіне жақындай түсуде.

Еске сала кетейік, Роналду бұған дейін бес рет «Алтын допты» жеңіп алған. Еуропадағы мансабы барысында ол «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал» және «Ювентус» клубтарында ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Криштиану Роналду Globe Soccer рәсімінде жаңа жүлде жеңіп алды