date

Серхио Рамос «Миланмен» келісімге жақындады

Серхио Рамос «Миланмен» келісімге жақындады

Мадридтің «Реал» клубында ұзақ жылдар доп тепкен Серхио Рамос «Милан» сапына қосылуға жақын. Бұл туралы euro-football.ru хабарладыхабарбереді.

Calciomercato мәліметінше, испаниялық футболшы мен «россонери» арасында принципті келісімге қол жеткізілген. Рамос еркін агент мәртебесінде «Миланға» ауысады, әзірге тек жалақысы мен келісімшарт мерзімі бойынша соңғы егжей-тегжейлер нақтылануы керек. «Миланда» ол «Реалдағы» бұрынғы командаласы Лука Модричпен қайтадан бір командада ойнайды.

39 жастағы қорғаушының соңғы клубы Мексиканың «Монтеррей» клубы болды, ол биылғы ақпаннан бері сол жерде ойнап жүрген еді. Рамос мансабы барысында «Реалдан» бөлек «Севилья» және «ПСЖ» клубтарында да өнер көрсетті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Серхио Рамос «Миланмен» келісімге жақындады