date

Пеннант Дьёкерештен АПЛ-де супер нәтиже күтпеу керегін айтты

Пеннант Дьёкерештен АПЛ-де супер нәтиже күтпеу керегін айтты

Лондонның «Арсенал» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Джермейн Пеннант шабуылшы Виктор Дьёкерештің ойыны туралы пікір білдірді. Швециялық футболшы 2025 жылы «зеңбірекшілер» сапына қосылып, Лиссабонның «Спортингінен» 65,8 миллион еуроға трансферленген еді. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Пеннанттың айтуынша, Дьёкерештен Португалиядағыдай жоғары гол сериясын күту дұрыс емес. «Бұл — АПЛ, Португалия чемпионаты емес. Дарвин Нуньес „Бенфикада“ 30-дан аса гол соқты, бірақ „Ливерпульге“ ауысқаннан кейін мұндай көрсеткіштерді қайталай алмады. Соған қарамастан, мен оның „Ливерпульдегі“ ойынын жақсы деп бағалаймын», — деп Пеннанттың сөзін The Mirror келтіреді.

Анықтама үшін: Нуньес «Ливерпуль» сапында 126 матчта 40 гол соққан. Ал Дьёкереш «Арсеналдағы» 20 ойында 7 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Пеннант Дьёкерештен АПЛ-де супер нәтиже күтпеу керегін айтты