date

Жоау Пальинья Тоттенхэмнен кетіп, Спортингке оралуы мүмкін

Жоау Пальинья Тоттенхэмнен кетіп, Спортингке оралуы мүмкін

Бавария жартылай қорғаушысы Жоау Пальинья мансабын күтпеген жерден өзгертуі мүмкін. A Bola басылымының хабарлауынша, қазіргі таңда Тоттенхэм сапында жалға ойнап жүрген португалиялық футболшы бұрынғы клубы Спортингке қайтқысы келеді. Бұл туралы Goal.com хабарлайды .

Спортинг басшылығы Мортен Юльманнның ықтимал трансферінен кейін орталық жартылай қорғау шебін дәл Пальиньямен күшейтуді жоспарлап отыр. Ойыншы Лиссабон клубымен үш жылдық келісімшартқа отыруға дайын, алайда басты мәселе Бавария талап етіп отырған трансфер сомасында қалып тұр.

Тоттенхэм бас бапкері Роберто Де Zerbi футболшыны командада алып қалу ниетінде және 30 миллион еуролық сатып алу бабын іске қосуға дайын. Соған қарамастан, Пальинья Англия Премьер-лигасынан кетіп, Португалияға оралуды жөн көреді.

Естеріңізге сала кетейік, Жоау Пальинья ағымдағы маусымда Тоттенхэм сапында 43 ойын өткізіп, 6 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Ал Бавария 2024 жылы Фулхэмнен 51 миллион еуроға сатып алынған футболшыдан пайда табуды көздеп отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Жоау Пальинья Тоттенхэмнен кетіп, Спортингке оралуы мүмкін