date

Габриэл АПЛ-де «Арсенал» қорғаушыларының рекордына жақындады

Габриэл АПЛ-де «Арсенал» қорғаушыларының рекордына жақындады

Лондондық «Арсеналдың» орталық қорғаушысы Габриэл дос Сантос клуб тарихындағы маңызды көрсеткішке одан әрі жақындады. Бұл туралы euro-football.ru хабарлайдыхабарбереді.

Бразилиялық футболшы «Астон Виллаға» қарсы ойында гол соқты. Сейсенбі күні өткен кездесуде «канонирлер» 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Габриэлдің АПЛ аясында «Арсенал» сапындағы голдары 19-ға жетіп, ол клуб тарихында орталық қорғаушылар арасында екінші орынға көтерілді. Рекорд әлі де француз Лоран Косельниге тиесілі — 22 гол. Үшінші орында Томас Вермален 13 голмен келеді.

Габриэл 2020 жылдан бері «Арсеналдың» намысын қорғап келеді. Ағымдағы Англия чемпионаты маусымында 28 жастағы футболшы 13 матчта екі рет қарсылас қақпасын дәл көздеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Габриэл АПЛ-де «Арсенал» қорғаушыларының рекордына жақындады