date

Кобби Майну Manchester United-тағы болашағына қатысты шешім қабылдады

Кобби Майну Manchester United-тағы болашағына қатысты шешім қабылдады

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Кобби Майну мен команданың бас бапкері Рубен Аморим арасындағы қарым-қатынас мінсіз емес деген әңгімелер жүр. Бұл туралы euro-football.ruхабарлайды.

Португалиялық маман 20 жастағы футболшыны «қызыл сайтан» командасының негізгі құрамына жиі қоспай жүр. Жақында Майнуның ағасы матчқа «Кобби Майнуға еркіндік» деген жазуы бар футболкамен келіп, жағдайды одан әрі ушықтырды. Sun Football дерегінше, бұған дейін де ойыншы мен Аморим арасындағы байланыс шиеленісті болған.

Соған қарамастан, дереккөз Майнуның берілмей отырғанын атап өтеді: ол әлі де «Юнайтедтің» негізгі құрамынан орын алып, өзі тәрбиеленген клубта табысты мансап құруға нық бел буған. Сондықтан ол команданы толықтай тастап кетуді жоспарламайды.

Бұған дейін Майну қысқы трансфер терезесінде басқа клубқа жалға кеткісі келуі мүмкін деген ақпарат тараған, негізгі үміткер ретінде «Наполи» аталған еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Кобби Майну Manchester United-тағы болашағына қатысты шешім қабылдады